3 қазан күні, «Senim» кәсіподағының Маңғыстау облыстық филиалынан бір топ делегат Swissotel Wellness resort Alatau Almaty базасында өткізілген «Әлеуметтік әріптестік — даму перспективалары» атты ««Senim» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған Республикалық конференциясына қатысты.
Пленарлық отырыс барысында денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің конференциясына қатысушылар отандық денсаулық сақтаудың өзекті міндеттерін шешу, кәсіподақтардың азаматтық қоғамның тұрақты дамуының кепілі ретіндегі рөлін күшейту және медицинадағы парасаттылық қағидаттарын өзектендіру мақсатында медициналық қоғамдастықтың күш-жігерін шоғырландыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, кәсіптің беделін көтеру және халық тарапынан медицина қызметкерлеріне деген сенім деңгейін көтеру, кәсіподақтар қызметіндегі жастардың көшбасшылығы сияқты мәселелері қаралды.
Медицина саласындағы Заң және Құқықтық мәселелер бойынша 4 секцияның жұмысын Елизавета Ахметова, Эльмира Мустафанова, Марина Иванова, Асем Наурызбаева сияқты лекторлар жүргізді.
Конференция ҚР кәсіподақтар күніне орай «SENIM» кәсіподағы РҚБ-нің төрағасы Сапарбек Дүйсеновтың үздік кәсіподақ белсенділерін марапаттауымен жалғасты. Марапат алғандардың қатарында «SENIM» кәсіподағының Маңғыстау облыстық филиалының заңгері, қазіргі таңда төрағаның у.м.а. Бейсенов Қайратжан Дмитриевич кәсіподақ «Үздігі» төсбелгісін иеленді.
«SENIM» кәсіподағының Маңғыстау облыстық филиалы ҚР кәсіподақтар күні қарсаңында Денсаулық сақтау жүйесінің барлық қызметкерлерін мерекемен шын жүректен құттықтайды және жұмыста мол табыс тілейді!