Маңғыстау облысының делегаттары «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің II съезіне қатысты.

Ағымдағы жылдың 22 ақпан күні, Астана қаласында «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің II съезі өтті. Аталған съезде «SENIM» кәсіподағының 2018-2022 жылдар аралығындағы жұмысының қорытындылары қаралды. Маңғыстау облысынан төраға Қайратжан Бейсенов бастаған 6 делегат сайланды. Съезд жұмысына Қазақстан кәсіподақтар федерациясының, өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері, еліміздің салалық кәсіподақтарының төрағалары мен «SENIM» бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты. Сонымен қатар, съезд қонақтары құттықтау сөз сөйлеп, болашақта жемісті және жасампаз жұмыс, қызметкерлердің игілігі үшін барлық ниеттер мен бастамаларды жүзеге асыруды тіледі.

Съездің күн тәртібімен келесі мәселелер қамтылды:

1) «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ 2018 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңдегі қызметінің қорытындылары бойынша есеп ;

2) «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Бақылау-тексеру комиссиясының 2018 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңдегі есебі;

3) «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;

4) «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ төрағасын сайлау туралы.

Съездің ашылу салтанатында кәсіподақ көшбасшыларын «SENIM» төсбелгісімен марапаттау рәсімі өтті, Маңғыстау облысынан – Мұнайлы аудандық ауруханасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Зинетова Рысгул Халықбергенқызы төсбелгімен марапатталды.

Съезд делегаттары күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша спикерлерді тыңдап, төраға-Сапарбек Серікұлы Дүйсеновті бірауыздан қайта сайлады.

Өз кезегінде жаңадан сайланған төраға 2023-2028 жылдарға арналған «SENIM» кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттарын атап өтті.

Іс-шара қорытындысы бойынша «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің II съезінің Қарары қабылданды, ол барлық уәкілетті органдар мен мүдделі тұлғаларға жіберілетін болады.