«Маңғыстау облыстық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ МКК «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Маңғыстау облыстық филиалымен бірлесіп Ұлыстың ұлы күні — «Амал мерекесін» атап өтті. Алғашқы Наурыз тойын салтанатты ашылуында фтизиопульмонология орталығының директоры Қ.У. Титанов және «Senim» кәсіподағының төрағасы Қ.Д. Бейсенов ұжымды мейраммен құттықтады.
Сонымен қатар, фтизиопульмонология орталығының белсеңді қызметкерлері «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Маңғыстау облыстық филиалының Құрмет грамотасымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Мерекелік дастархан басында жиналған фтизиопульмонология орталығының ұжымы және шақырылған қонақтар бір-біріне қос қолын созып, көрісіп, бір – біріне «Бір жасыңмен!», «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман — есен жетуіңмен!» деген жүрекжарды тілектер айтылып,ыстық бауырсақ пісіріліп, наурыз көже таратылып, қазақтың ұлттық тәттілері қызметкерлерге ұсынылды.
Іс-шара фтизиопульмонология орталығы қызметкерлері дайындаған сайысқа ұласып, «Бесікке салу», «Тұсау кесу» және «Сырға салу» сияқты көріністері қойылды. Қазақтың салт дәстүрлері бойынша сұрақ-жауап қойылып, «Наурыз мерекесіне арналған» мәнерлеп оқу, домбырамен ән салу, тақпақ айту, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар орындалды.
Іс-шара соңында сайыстың үздіктері келесі орындармен марапатталып, ақшалай сыйлықтар табысталды.
-1 орын «ӨЕБ-1»;
-2 орын «ӨЕБ-2» және «ӨЕБ-3»;
-3 орын «Әкімшілік» және «ӨЕБ-4» бөлімшелері.