Қазақстанда жыл сайын маусымның үшінші жексенбісінде медицина қызметкерлері күні атап өтіледі. Бұл мамандық үлкен құрмет пен жауакершілікке ие.
Бүгін, Маңғыстау облысында медицина қызметкерлері күніне орай өңірдің біршама медицина қызметкерлері «SENIM» кәсіподағының төс белгісімен, грамотасымен және ақшалай сыйақыларымен марапатталды.
Ағымдағы жылдың 17 маусымында Жаңаөзен қаласы, «Мұнайшы» мәдениет үйінде Жаңаөзен әкімдігінің, Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасының, «SENIM» кәсіподағының Маңғыстау облыстық филиалы өкілдерінің және медициналық ұйымдарының директорлары мен медицина қызметкерлерінің қасуымен мерекелік іс-шара өтті.
Кәсіби мереке құрметіне орай «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы С.С. Дүйсеновтың Денсаулық сақтау саласындағы көп жылғы адал еңбегі, кәсіподақ жұмысындағы белсеңділігі мен жоғары кәсібилігі үшін «Үздігі» төсбелгісімен №2 Жаңаөзен қалалық емханасының директоры Танаева Саним Жаниевна, Бейнеу орталық аудандық аурухананың травматолог дәрігері Айытжанов Тойлы Ибрагимұлы, «№1 Жаңаөзен қалалық емханасының бас медбикесі Айзакова Сания Джиенбаевна және бірқатар медицина саласының үздіктері Құрмет грамотасымен марапатталды.
Құрметті медицина қызметкерлері! Кәсіби мерекелеріңізбен! Мереке күні, қымбатты дәрігерлер, жүректеріңіз қуаныш пен жылулыққа, ойлар — оптимизм мен сенімге, сезімдер — махаббат пен шабытқа толсын. Сіздің кәсібилігіңіз шыңдарға жетсін, ал адамның ризашылығы ешқашан таусылмасын!