1 маусым – Халықаралық Балаларды қорғау күні.

Осы мереке қарсаңында Астана филиалы Балаларды қорғау күнімен құттықтап мерекелік кеш ұйымдастырды.

Астан филиалы төрайымының м.а. Д.Б. Нурпеисова мереке иелерін құттықтады: «Құрметті балалар! Бүгінгі күн толығымен біздің кең байтақ Отанымыздың кішкентай азаматтарына арналған! Балаларды қорғау күнінде өскелең ұрпаққа еліміздегі бар жақсылықты тилегим келеді. Сіздерге шынайы бақытты және алаңдаусыз балалық шақ, ата-ананың күшті махаббаты, бейбіт аспан және әдемі арман тілеймін. Жүздеріңізден әрқашан шынайы мейірім күлкі нұрын төгіп, әр күні сәттілік әкелсін деп тілеймін. Балалар бақытты болуы керек!», деп тілей отыра «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ төрағасы С.С. Дүйсеновтың атынан бастауыш кәсіподақ ұйымдарының 20 мүшесіне мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған бастауыш кәсіподақ ұйымының 16 мүшесіне 100 000 теңгелік сертификаттар табысталды. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарынан тағы 5 балаға қосымша 50 000 теңгелік сертификаттары табыстады.

Сонымен қатар, мерекелік шара шегінде «Балаларды қорғау күні» тақырыбында сурет салу конкурсы өткізіліп, онда медициналық қызметкерлердің 20 — дан аса балалары қатысып, қызығушылығын танытты. Конкурс қорытындысы бойынша кішкентай қатысушылар диплом мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Еліміздің ертеңі — бүгінгі жас ұрпақ. Қазақстанды өркендетер келешектің кемеңгері болыңыздар!