2022 жылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Балалар жылы» деп жариялады

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалы «Балалар жылы» мерекесі аясында мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелеріне қайырымдылық көмек ретінде 100 000 теңгелік қаржылай сертификаттарын табыстады. Алдағы келе жатқан «Халықаралық балалар күні» мерекесімен құттықтап, балаларына денсаулық, отбасыларына береке тіледі.