«Нур Отан» Маңғыстау облыстық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Н.Л. Тумышевтің қатысуымен Маңғыстау облысының салалық кәсіподақтарының аумактық құрылымдарының өкілдерінің Үйлестіру Кеңесінің отырысы өтті.

Фотоотчет №1

«Нур Отан» Маңғыстау облыстық партиясы төрағасының бірінші орынбасары  Н.Л. Тумышевтің қатысуымен Маңғыстау облысының салалық кәсіподақтарының аумактық құрылымдарының өкілдерінің Үйлестіру Кеңесінің отырысы өтті.

Үйлестіру Кеңесі отырысының күн тәртібінде Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен турмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылау енгізілді.

Н.Л. Тумышев: «Құрметті әріптестер, құрметті жерлестер! Президентіміз халыққа жолдау жария етті. Жолдаудың мақсаты қазақстандықтардың әл ауқатының өсуі: табыс пен турмыс сапасын арттыру делінді. Байкасаңыз, бұл жолдау жылдағы жолдаудан ерекше. Атының өзі халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру деген мағынаны білдіреді. Жолдауда біраз көтеріліп жүрген мәселелер айтылды. Менің кәсіподақ жиынына келген себебім, жолдауға қолдау көрсету. Барлықтарымыз бір ортада өмір сүргендіктен, осы жолдауды қолдауымыз міндет деп ойлаймын. Жолдауда айтылған бағыттарды сат-сатымен, өз орнымен орындау қажет. Елбасы берген тапсырмасын, бағыттарын, бағдарламасын партия мен кәсіподақтар бірігіп жұмыс жасап, қолдау көрсетуіміз керек. Сіздерде келешекте жолдамаға қолдау көрсетеді деп ойлаймын» деп, сәттілік тілеп сөзін аяқтады.